• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Мамыр, 15:42:22
Алматы
+35°

Халық арасында тез таралған Косаревтің ұйықтап отыран видеосы қызу талқыға түсті. Бірақ бұл видеоға қатысты депутаттар өздерінің пікірін білдірді. Бұл туралы Tengrinews тілшісі хабарлады.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде тараған видеода депуттатың сұрақ қойып жатқандығын көруімізге болады. Яғни, оның қасында отырған мәжіліс депутаты Владислав Косарев көзін жұмып отырғаны видеоға түсіп қалған. Мұны байқаған, желі қолданушылары негативті пікірлерін білдіріп, қызу талқылау үстінде.Осы орайда бұл мәселеге қатысты депутаттар былай деп пікір білдірді.

"Видеоны көрдім. Онда депутат ұйықтап отырған жоқ. Ол кісінің отырысы сондай, 82 жастағы азамат қой, әрі коммунистік партия атынан сайлаған мәжіліс депутаты. "Бір депутат ұйықтап отыр" деп барлығына күйе жағуға болмайды. Әр адам өз әрекетіне жауап беруі керек", - дейді Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы. 

Ал мәжіліс депутаты Бақытгүл Хаменова әріптестерінің әрекетіне қатысты пікір білдіре алмайтынын жеткізді. "Видеода әріптесіміз эмоционалды түрде сөйлеп жатыр. Оның жанындағы адамның ұйықтап жатпағаны ықтимал", - деді.

Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжан видеоны көргенін, бірақ мәселінің мән-жайын білмейтін айтты.

"Онда адам ұйықтап отырған сияқты. Бірақ анығын білмедім. Біреудің артынан сын айта алмаймын", - деп жауап қайырды. 

"Сондай-ақ, Азат Перуашев: видеоны көрген жоқпын. Қазір Арыс қаласына жұмыс сапарымен келдім. Онда "Ақ жол" партиясының төрағасын сайлағалы жатырмыз. Сондықтан бұл мәселеге қатысты пікір білдіре алмаймын", -деді.

 

 

 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Косарев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір