21 Қаңтар, 2020 Әлем

Өзбекстан үкіметі отставкаға кетті

Аsiatv.kg

Өзбекстан үкіметі толық құрамда елдің жаңа Олий Мажлисі (парламент) алдында өз өкілдігін тоқтатты. Бұл туралы Өзбекстанның Uza.uz сайты хабарлады. 

Сайттың жазуынша, парламенттің төменгі заң шығару палатасының бірінші отырысының қорытындысы бойынша, Өзбекстан үкіметінің өз өкілдігін тоқтатыны туралы өтініші қабылданды. 

Өзбекстан Конституциясына сәйкес, үкімет кабминнің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз жұмысын жалғастырады. Сонымен қатар парламент бүгін, 21 қаңтарда өтетін екі палатаның бірлескен отырысында жаңа премьердің кандидатурасын қарайды. 

Өзбекстан Конституциясына сәйкес, премьердің кандидатурасын парламенттің заң шығарушы (төменгі) палатасында ең көп депутаттық орын жинаған партия ұсынады. 2019 жылдың 22 желтоқсанында болған сайлау қорытындысы бойынша Өзбекстан либералдық-демократиялық партиясы ең көп орын - 53 депутаттық орын алған болатын.

Бұған дейін Ресейде де үкімет отставкаға кеткен еді. 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір