• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:46:01
Алматы
+35°

Фото Алексей Гончаруктің facebook-тағы парақшасынан алынды

Украина премьер-министрі Алексей Гончарук отставкаға өтініш жазды. Бұл туралы укариналық басылымдар хабарлады. 

"Бұл лауазымға президенттің бағдарламасын орындау үшін келген едім. Ол мен үшін ашықтық пен адалдықтың үлгісі саналады. Алайда президентке деген біздің құрметіміз бен сенімімізге кез келген күдік тудырмау үшін отставкаға өтініш жазып, оны парламентке шығару құқын президентке бердім"  деп жазды Алексей Гончарук Facebook парақшасында.

Ал Украина президентінің кеңсесі Twitter парақшасында премьер-министр Гончаруктың отставкаға өтінішін президент Владимир Зеленскийдің алғанын хабарлады.

"Украина президенті премьер-министр Алексей Гончаруктің отставкаға өтінішін алды. Мемлекет басшысы аталған өтінішті қарайды. Украина президентінің кеңсесі қарау нәтижесін жеке хабарлайды" делінген президентінің кеңсесі Twitter парақшасында тартақан ақпаратта. 

Гончарук өткен жылдың 29 тамызында Украина Жоғарғы радасының таңдауымен елдің премьер-министрі болған. Жоғар раданың 290 депутаты президент Владимир Зеленский мен оның парламенттегі "Слуга народа" фракциясы ұсынған Алексей Гончарукті қолдап дауыс берген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір