• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:06:56
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың қамауға алынғаны туралы хабар тарады.

WhatsApp арқылы тараған аудиожазбада ер адам әкімнің 15 қаңтар яғни бүгін ұсталғанын айтқан.

Бұл ақпарға қатысты Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасап,  ақпаратты растайтын ресми деректің жоғын хабарлады.

"БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз" делінген мәлімдемеді.

Болат Бақауов 2016 жылдан бері Павлодар облысын басқарып келеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Павлодар облысының әкімі ұсталды, тергеліп жатыр» деген мазмұндағы хабарламалар мен аудиожазбалар таралуда. Дәл қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ. Ресми деректер жарияланғанға дейін қандай да бір тұжырым жасаудан аулақ болуға шақырамыз. Біз Сіздерді өзіміздің әлеуметтік желілер арқылы хабардар ететін боламыз. В СМИ, социальных сетях и мессенджерах распространяются аудиозаписи и сообщения о якобы задержании и допросе акима Павлодарской области. На данный момент нет никаких официальных подтверждений этой информации. Просим воздержаться от выводов до появления официальных данных. Мы постараемся держать вас в курсе событий в наших социальных сетях. Пресс-служба акима области

Публикация от Павлодар (@pavlodar_region)

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Болат Бақауыов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір