• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:54:23
+35°
27 желтоқсан күні таңертең Bek Air әуе компаниясы Алматыдан Нұр Сұлтанға ұшып бара жатқан кезде апатқа ұшырады. Апаттан аман қалған жолаушы оқиғаның мән-жайын айтып берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі tengrinews.kz сайтының дерегін негізге алып. 
 
"Мен ұшақпен жиі ұшамын. 07.05-те ұшақ ұшуы керек еді. Бірақ бұл жолы қандай да бір себептермен уақытылы ұшпады. Бізге қауіпсіздік ережелері түсіндіргенде,  ұйықтап қалғанмын. Себебі "кешігіп қаламын" деп түні бойы ұйықтамадым. Ұшақ биіктікке көтеріле бастағанда ғана ояндым. Ұшақ екі рет көтеріліп, биіктікті жоғалтқан екен. 
Содан кейін қозғалтқыштан ба, әлде басқа жерден бе білмеймін" қорқынышты дыбыс шықты. Ұшақ қисайған күйі ұшып кетті. Бәрі фильмдегідей болды: адамдар айқайлап, жылап жатты. Мен мұның бәрін бір ауыз сөзбен айта алмаймын.  Өте қорқынышты. Кейін ұшақ соғылды. Менің алдымды темір жауып, шыға алмай қалдым.  Біреулер: «Шығыңдар!» - деп айқайлады. Мен сол кезде үнсіз қалдым. Сөйлей алмай қалдым. Ұшақтың қанатын басып, шыққаным есімде. "Ұшақ жарылуы мүмкін" деп айғайлады. Мұның бәрі түс секілді", - дейді аман қалған жолаушы. 
 
Еске салсақ, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір