• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
20 Қаңтар, 01:25:17
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

27 Желтоқсан, 2019 Оқиғалар

Алматыда "Бек Эйр" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады (видео)

Tengrinews.kz

Радардан жоғалып кеткен «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады. Бұл туралы  Алматы әуежайының баспасөз қызметі хабарлады. 

Әуежай баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы әуежайдың сыртқы аумағына құлаған. Тірі қалғандар бар. Оқиға орнында төтенше жағдайлар комитетінің қызметтеркерлері құтқару жұмысын жүргізіп жатыр.

Бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кеткені хабарланған. Әуежай баспасөз қызметінің мәліметінше  Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына 2100 рейсімен 07:05-те ұшып шыққан «Бек Эйр» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті. Бортта 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған. 



Ілмек сөздер: Ұшақ апаты Алматы 2019

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір