• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:24:36
Алматы
+35°

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек твиттердегі парақшасында жазды.

"Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың келісімімен Арман Қырықбаев «Nur Otan»-ның Хатшысы болып тағайындалды. Оның партиядағы, сондай-ақ орталық және жергілікті мемлекеттік органдардағы мол жұмыс тәжірибесі алдағы міндеттерді табысты іске асыруына мүмкіндік беретініне сенімдімін" делінген жазбада.

Ол жаңа лауазымда қоғамдық-саяси бағытқа, қоғамдық саясат институтының, "Жас Отан" жастар қанатының жұмысына, сарапшылар қауымымен байланысқа жауапты болмақ.

Арман Қырықбаев әр жылдары Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі, "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда", "Қазақфильм" АҚ, "Nur Media" ЖШС-нің директорлар кеңесінің төрағасы, 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір