• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 18:14:12
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Желтоқсан, 2019 NEWS

Айтаханов Қытай елшісімен кездесіп, Шымкентке инвесторлар шақырды

Inform.kz

Бүгін, 19 желтоқсанда Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сяомен кездесті. Бұл туралы Қазақпарат хабарлады.

Қазақпараттың жазуынша, кездесуде тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастарды одан әрі нығайтудың және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өткен. Айтаханов Қытай елшісін Шымкентке инвестор тартуға шықарған. 

– Өзіңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің алтыншы отырысының ашылуында Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда және экономикалық әріптестерінің бірі екендігін айтқан болатын. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру үшін өндірісі мен инфрақұрылымы дамып келе жатқан мегаполиске инвесторларды шақырамыз. Себебі Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі транзиттік дәліздері бар Шымкентте инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасалған. Сондықтан біз түрлі бағытта әріптестік орнатуға ниеттіміз, – деді Айтаханов.                                                                                                                                                                                                                                              

Өз кезегінде елші Чжан Сяо Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "екі мемлекеттің достық қарым-қатынасын нығайтуға қосқан зор үлесі мен үлгілі сара жолын әрі қарай жалғастыру қажет" екенін жеткізген. Сондай-ақ Айтахановтың инвесторларға қатысты айтқан пікірмен келісіп, сол бағытта жұмыстар атқарылатындығын айтқан.

Қытай – Қазақстанға ең көп инвестиция салған - төртінші, ең көп қарыз беруші үшінші ел. Қазақстанға инвестиция салу бойынша алғашқы үштікте Нидерланд, АҚШ және Швейцария тұр. Ұлттық банктің 2018 жылғы есебінше, Қазақстанның Қытай алдындағы қарызы 12 миллиард долларды құрайды. Қазақстаннның Голландияға – 49 млрд доллар, Ұлыбританияға – 21,4 млн доллар, АҚШ-қа 12,3 млрд доллар қарыз.

 

                                                                                                                                                                                      

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір