• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
18 Қаңтар, 18:53:57
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Желтоқсан, 2019 NEWS

Алматыда жұмыс істейтін жастарға 546 пәтер берілмек

homsters.kz

Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасы Алматы қаласының 29 жасқа дейінгі жастарынан "Жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру" бағыты бойынша өтініштер мен құжаттарды қабылдауды жүргізуде.  

Өтініштер мен құжаттар almaty-jastary.kz сайты арқылы 29 желтоқсанға дейін қабылданады.

Авторизация сайтта электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі. Оны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ-тан (ХҚКО) алуға болады.

Екінші пул бойынша Алатау ауданындағы 546 пәтер берілмек. Жалдау мерзімі – 5 жыл. 

Бағдарламаға қатысу үшін қойылатын негізгі талаптар төмендегідей:

– 29 жасқа толмаған орта немесе жоғары білімі бар жұмыс істейтін жастар;

– Соңғы екі жылда Алматы қаласында тіркеуде тұрған азаматтар;

– Өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс;

– Соңғы алты айда 101 мың теңгеден кем емес жалақысының болуы;

– Банкте жинақ шоттың болуы.

Өтініш берушілердің тізімі ұпай жүйесін (ең көпұпай саны бойынша) есепке алумен жасалады. Ұпайлардың берілу критерийлері, сондай-ақ, қажетті құжаттар тізімі жоғарыда көрсетілген сайтта орналастырылған.

Бағдарлама қатысушылары өтініш пен құжаттарды тапсырғаннан кейін өтініштің қарастырылу нәтижесін жоғарыда көрсетілген сайттағы жеке кабинеттен өздері бақылап отыруы қажет.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір