• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:15:05
Алматы
+35°

09 Желтоқсан, 2019 Барлық аймақтар

Қазақстан президенті Қасым -Жомарт Тоқаев баспана алу үшін зейнетақы қорынан қазақстандықтардың қаржы алуға мүмкіндігі барын айтқан. Бірақ ол қалай  жүзеге асады?

Әзірге бұл жобаның орындалу тетігі жасалынған жоқ, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамаловтың айтуына қарағанда, Еңбек және халықты әлеуметтік жағынан қорғау министрлігі мұның қалай жүзеге асатынына түсініктеме бере алмай отыр.

–Қазіргі қарастырылып жатқан жоба біреу ғана: Ол тек зейнетақы қорында қаржысы мол азаматтарға ғана қатысты болып отыр. Ерлер үшін -8,2 миллион, әйелдер үшін -10,1 миллион теңге шамасында. Егер жиналған қаржы аталған шекті мерзімнен артық болса, онда зейнетақы қорындағы қаржыны үй алуға пайдалануға болады. Демек, қазіргі есепке сенсек, қазақстандықтардың  90 мыңы ғана зейнетақы қорындағы қаржысының бір бөлігін баспана алуға пайдалана алады. Бұл тұрғындардың арасында наразылық туғызуы мүмкін. Сондықтан да халыққа неғұрлым ыңғайлы басқа да нұсқаларды қарастыру керек, –деді Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір