• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 01:31:37
Алматы
+35°

Бүгін бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Равиль Төлебаев айтты.

Бүгінгі күні Тараз қаласы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегінде 18 565 адам тұр, оның ішінде: 1954-і – жетімдер, 1784-і – көп балалы отбасылар, 8953-і – тұрғындардың әлеуметтік осал тобына жататындар, 5874-і мемлекеттік қызметішілер, бюджеттік ұйымдар қызметкерлері мен әскери қызметшілер.

Тұрғын үй комиссиясының мұқтаж азаматтарға мемлекеттен баспана бөлу туралы шешімін лауазымды тұлғалар бақылаушылардың қатысуынсыз қабылдайды, яғни жұмыстың ашықтығы қамтамасыз етілмеген. Бейне және аудио жазбаның жүргізілмеуі де комиссия мүшелерінің шешім қабылдаудағы жауапкершілігіне кері әсер етері сөзсіз. Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясы отырысының міндетті түрде бейне және аудиотаспаға жазылып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілуі қажет.

Кезектегілердің тізімін зерделеу, биылғы жылдың 3 мамырында пәтер алған кейбір азаматтардың 2017 және 2018 жылғы кезек тізімінде жоқтығын көрсетті. Мемлекеттік қордан бөлінген кейбір пәтерлерде ешкім тұрмайтыны, кейбірінің жалға берілгені анықталды.

Жергілікті атқарушы орган тарапынан мемлекеттік қордан бөлінген тұрғын үйлердің пайдаланылуы бойынша шаралар қабылданып жатқан жоқ. Жүргізілген талдау нәтижесімен, сыбайлас жемқорлық көріністерінің пайда болу шарттары мен себептерін жою мақсатында тиісті жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар берілді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір