• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:03:59
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қараша, 2019 NEWS

Алматының Алғабас ықшамауданынан 360 пәтер беріледі

Биылғы 20 желтоқсан мен 2020 жылғы 19 қаңтар аралығында «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» Алматы қаласы, Алатау ауданы, «Алғабас-6» шағынауданындағы нысанға банк салымшыларынан құжат қабылдайды. Бұл жөнінде қалалық тұрғын үй саясаты басқармасы ресми сайтында хабарлады.

Құжаттарды www.baspana.kz сайты арқылы тапсыруға болады. 6 ақпан мен 5 наурыз аралығында өтініш берушілердің төлем қабілеттілігі тексеріледі. Одан сәтті өткендер 6 наурыз бен 1 сәуір аралығында тұрғын үйді таңдаса, 2 сәуір күні пәтерлер үлестіріледі деп күтілуде.

«Таза» әрленген пәтерлердің 1 шаршы метрінің бағасы 180 000 теңге. Үйлер жайлылығы жөнінен ІV класқа жатады.

Берілетін пәтерлердің жалпы саны 360. Оның ішінде аумағы 66,62 шаршы метрлік 2 бөлмелі 180 пәтер, аумағы 75,4 шаршы метрлік 3 бөлмелі 50 пәтер, 87,88 шаршы метрлік 3 бөлмелі 130 пәтер бар.

Пәтерлердің жартысы әкімдіктің тұрғын үй кезегінде тұрған банк салымшылары арасында беріледі.

Конкурсқа қатысушылардың жинақ шотында кемі 1 млн теңге қаржы болуға тиіс.

Өтініш берушілерге қойылған талаптармен, құрылыс нысанының сипаттамасымен толығырақ банктің www.baspana.kz және www.hcsbk.kz интернет-ресурсында танысуға, әсіресе, ғимараттың қасбетін және пәтерлердің жобалануын көруге болады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір