• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:32:17
Алматы
+35°

28 Қараша, 2019 Барлық аймақтар

Соңғы бірнеше жылдан бері егер қарамағындағы қызметкерлер пара алып немесе жемқорлықпен ұсталса, басшысы міндетті түрде қызметтен кету керектігі жөнінде пікірлер айтылып жүр. Бірақ ол мәселе құжат түрінде заңдастырылды ма? Бұл мәселегі қатысты әңгімені Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті.

Бектеновтың мәліметінше, бірінші басшы оның тікелей бағынышты тұлғасына қатысты соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен соң күнтізбелік 10 күн ішінде немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін отставкаға кетуге міндетті.

Сонымен, басшының қарамағындағы бағыныштылар кімдер болып саналады?

— орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары;

— облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін – оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі;

— орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен кетеді;

— облыс әкімінің орынбасары жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларына жауап береді;

— Аудан әкімі өзінің орынбасарларына, аппарат басшысына, жетекшілік ететін аудандық атқарушы органдардың басшыларына, ауыл, кент, ауылдық округтердің әкімдеріне жауап береді.

Қысқасы, құрметті басшылар, сіздің бағынышты қызметкерлеріңіз не істеп жүр? Ойланыңыз, «сақтанғанды ғана Құдай сақтайды»!

Негізі адал жолмен қызмет етіп, тоқ жүргенге ештеңе жетпейді ғой.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір