• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:02:25
Алматы
+35°

2019 жылдың 24 қарашасында түнгі 03.45-те басталған қар 25 қараша дүйсенбінің кешкі уақытына дейін түсуі болжануда. Қар жамылғысының биіктігі сағат таңғы 09.00-де 3-5 см, ал тау бөктерінде 10 см-ге дейін жетті.

Коммуналдық қызметтер қар жауғаннан бастап жолға тайғаққа қарсы материалдар себуде. Сағат 09.00-дегі жағдай бойынша қала аумағындағы жолдың жүру бөлігінің 95 пайызы тазаланып, тайғаққа қарсы 2160 тонна материалдар пайдаланылды. Күндізгі уақытта 444 арнайы техника жұмылдырылып, артынан 534-ке дейін көбейтілді. Жол жұмысшыларының саны 1760 адамды құрады. 24 қараша күні күндізгі уақытта жалпы пайдалану орындары, атап айтқанда, тротуарларды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жаяу жүргіншілер аймақтарын тазалауға ерекше көңіл бөлінеді. Аудандық әкімдіктерде және қала әкімдігінде қарды жинау және шығару бойынша жұмыстардың жүргізілуін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Алматы қаласының жасыл экономика басқармасы

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір