• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:34:10
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қараша, 2019 NEWS

Бір күнде 4 көлік өртенді

Аяз салдарынан ескі көліктердің тұтануы жиілеп кетті, - деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, pavlodarnews -ке  сілтеме жасап.

  Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәлімдеуіінше, 20 қарашада сағат 15:20-да Ақсу қаласының Әлия Молдағұлова көшесінде 1999 жылы шығарылған Mercedes-Benz автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде резеңке-техникалық бұйымдар, салон панельдері, жалпы ауданы үш шаршы метр екі алдыңғы доңғалақ өртенді.

Ал  сағат 07:54-те Железин ауданының аудан орталығында 1994 жылғы Audi A6 автокөлігінің қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта техникалық бұйымдар жанған.

Сондай-ақ 17:51-де Павлодар қаласында Максим Горький көшесі, 41/1 мекенжайы бойынша ашық аумақта 1997 жылы шыққан минивэн типті шанағы бар Volkswagen автокөлігі алты шаршы метр алаңда жанып кетті. Автомобиль газбен жүреді.

Одан өзге сағат 18:01-де Екібастұз қаласы Әуезов көшесі, 38 мекенжайында орналасқан 1997 жылы шығарылған Volkswagen Passat автокөлігінде қозғалтқыш бөлігінде 1,5 шаршы метр аумақта мотор-техникалық бөлігі жанған.

"Көліктерден өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Сондықтан жүргізушілерге сақ болуға кеңес береміз. Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр" – деп, департамент өкілдері жауап берді.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір