• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:41:11
Алматы
+35°

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан фермерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігі» Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен кездесу өтті.

Жиынға аудан әкімі Қанатбек Мәдібек төрағалық етіп, «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Президент-Төраға міндетін атқарушы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев, аудан бойынша фермерлер одағының төрағасы –Асқар Ақпанбайұлы Алибеков, қала және ауылдық округ әкімдері, әкімдік бөлімдер мен мекеме басшылары, шаруа қожалық төрағалары, кәсіпкерлер қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес аудан бойынша фермерлер одағының төрағасы- Асқар Ақпанбайұлының хабарламасы тыңдалды. Хабарламашы өз баяндамасында Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы енгізіліп, бағдарламаға сәйкес қол жеткізуге бағытталған индикаторлардың бірі «ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтерінің) 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 43%-ға өсуі» - 2019 жылдың 9 айдағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 9564,5 млн. теңге (2015 жылғы 9 айдағы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы шығарылымы 5473,1 млн. теңге), 2015 жылдың 9 айдағы деңгейіне қарағанда өсім қарқыны 74,8% болғандығын айта келіп, қол жеткізуге жоспарланған келесі көрсеткіш - ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің 2015 жылдың деңгейіне қарағанда нақты мәнде 2,5 есе өскендігін айтты. Сонымен қатар ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, ағымдағы жылы күздік бидай, пияз, жүгері және бақша дақылдарынан алынған өнім жайлы да тілге тиек етті.

Сондай-ақ ауданда мүйізді ірі қара, қой мен ешкі, жылқы, түйе және құстың өсімі мен олардан алынған өнімдерге де тоқталды. Мал шаруашылығын дамытудағы тиесілі алынған субсидия, несие, жаңа техникалар жайлы да көпшілікті хабардар етті.

Келесі сөз кезегі «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Президент-Төраға міндетін атқарушы –Жигули Молдахалықұлына беріліп, жиналғандар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптар қайтарылды. Сонымен қатар басқосуда облыстық ауыл шаруашылық саласына қосқан үлесі және Қазақстан фермерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің жұмыстарына белсене қатысқаны үшін Сәкен Тәжібаевқа Қазақстан Фермерлер одағының мақтау грамотасын тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір