• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

02 Мамыр, 01:13:36
Алматы
+35°

Құқық қорғау органдары мен жергілікті биліктің бірлесе қабылдаған шаралары есебінен Меркі ауданында қылмыс деңгейі 24,1 пайызға төмендеп, есесіне қылмыстардың ашылу көрсеткіші жоғарылаған.Бұл факторларды өңірдегі қалыпты саяси криминогендік ахуал қалыптастырудың негізіне санауға болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аудандағы құқық бұзушылық деректерінің алдын алу мақсатында «Мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру, «Көршінің бақылауы», «Құқықтық тәртіп» бағдарламалары жүйелі іске асып келеді. Соның арқасында өңірдегі

тіркелген жалпы қылмыс саны өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 357-ден 271-ге дейін төмендеген. Мұнда ауыр және аса ауыр қылмыс деңгейінің 5 пайызға кемуі байқалады. Ал орташа ауырлығы бар қылмыстар 221 ден 161-ке дейін азайған. Сонымен қатар ауырлығы аз қылмыстардың саны 14 дерекке төмендеген. Сәйкесінше қоғамдық орындарда орын алған құқық бұзушылық фактілері 26,4 пайызға кеміген. Мұнан бөлек көшеден орын алған заңсыз әрекет жасау дерегі 8-ге азайғаны байқалып отыр.

Ел мен елді, облыстарды жалғаған халықаралық маңызға ие автомобиль жолының бойында орналасқандығында аудандағы кримогенді жағдайға баға беруде жол-көлік оқиғаларының азаюына назар аударылады. Мәселен Меркі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесі және әкімшілік полиция қызметі соңғы екі жылдағы аудан аумағында орналасқан тас жолдарында орын алған жол-көлік оқиғаларына сараптама жүргізіп, мұндай фактілерді азайту бойынша кешенді шараларды қабылдады. Соның есебінен аудан аумағында орын алған жол-көлік оқиғалар саны 47-ден 42-ге дейін төмендеді. Бұл оқиғалардың салдарынан көз жұмғандардың саны да 11-ден 4-ке дейін кеміді. Өз кезегінде жол көлік апатынан жарақат алғандар санының азаюы да байқалады. Өткен жылдың алғашқы 9 айына Меркі ауданындағы тасжолдарда 73 адам жол көлік оқиғасынан жарақат алса, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде бұл көрсеткіш 59-ға теңесті.

Мұндағы республикалық маңыздағы тас жолдарындағы жол-көлік оқиғалары санының едәуір азайғаны да байқалады.Жол көлік оқиғаларының азаюынан апат салдарынан қаза тапқандар, жарақат алғандар саны да кеміп отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір