• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:04:41
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

18 Қараша, 2019 NEWS

Алматыда туристік полиция штаты ұлғайтылады

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен жол қозғалысы мәдениетін арттыру, туристік полиция штатын ұлғайту мәселелері бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

Барлық ірі қалаларда көші-қон орталықтары құрылды, ал шетелдік қонақтар мен туристермен жұмыс істеу бойынша полицияның жекелеген бөлімшелері мамандандырылып, олардың қызметі елдің көрнекті орындары мен курорттарында, мәдени объектілерде туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, хабардар етуге, оларға кеңес беруге бағытталған.

«Осыны ескере отырып, туристік полиция штатын ұлғайту және шетелдіктер жиі баратын жерлерде оның жаңа пункттерін орнату жоспарлануда. Сонымен қатар осы қызметті материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту мәселесі қарастырылуда» – деді Ерлан Тұрғымбаев Министр Алматыны мысалға келтіре отырып: «Егер қала бойынша алсаңыз, онда осындай полиция пунктін күн сайын жүзедеген шетелдіктер келіп түсіп жататын халықаралық әуежай аумағында орналастыру қажет. Олардың кейбірі полицияның білікті көмегін қажет етеді, сондықтан полицейдің шет тілдерін еркін меңгеруі және көмек көрсетуге құзырлы болуы өте маңызды» – деді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір