• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 15:07:57
Алматы
+35°

Семей қаласының әуежайына Абай есімін беру туралы және Семей қаласының білім беру мекемелеріне танымал тұлғалардың аттарын беру облыстық ономастикалық комиссияда мақұлданып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары тарапынан қолдау тапты. Құжаттар республикалық ономастика комиссиясына жіберілді.

Енді Семей қаласының халықаралық әуежайы Ұлы Абайдың есімімен аталатын болады. №49 мектеп те ақынның құрметіне берілмек. Келесі жылы еліміз Абайдың 175 жылдығын тойлайды. Айтулы мерейтойға орай облыс көлемінде 500-ден астам шара өтеді.

Сондай-ақ, оқу орындарына көрнекті тұлғалардың аттары берілетін болады.  №2 орта мектеп – Қаныш Сәтпаев атына,  №3 мектеп-кешен – Мұхтар Әуезов атына,  №34 мектеп – аты аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының құрметіне, №37 мектеп-гимназиясы – Ыбырай Алтынсарин есіміне,  №39 мектеп – Әлихан Бөкейханның атына, №47 мектеп – Ахмет Байтұрсынов атына, Пригород орта мектебі – Жүсіпбек Аймауытовтың құрметіне берілмек.

Бұл еліміздің дамуына үлес қосқан белгілі қазақстандықтарға құрмет болып табылады. Өскелең ұрпақ тарихта ойып алар орны бар тұлғаларды танып, еңбектерін біліп, есімдерін мәңгі құрметтеулері тиіс.

Семей қаласының ақпараттық орталығы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір