• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 03:19:57
Алматы
+35°

Қазақ-Британ техникалық университетінің студенті оқу орнын келер жылы, 15 жасында тәмәмдайтын болады. Бұндай біртуарт талантты оқушы туралы ақпарат Білім және ғылым министрлігінің facebook парақшасында жарияланды.

"Соңғы күндері бүкіл әлем тоғыз жасар белгиялық Лоран Симонстың ерекше дарыны жайлы пікір таластыруда. Электротехника бойынша білім алып жатқан жас дарын жер жүзін аузына қаратып, тез оқу қабілетімен жұртты таң қалдыруда.

Біздің елде де сондай дарынды балалар жетерлік. Солардың бірі – Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жастағы Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады. Жас данышпан осы күнге дейін негізгі мамандығымен қатар, бірнеше өзге салалар бойынша білім алуда.

Ақпараттық технологиялар бағытында ізденіс үстінде жүрген Абзал ЖОО-дан кейін Массачусетс технологиялық институтының магистратурасына түсуді мақсат еткен.

Абзал болашақта ғылым әлемінде ерекше із қалдырарына сеніміміз мол", деп жазылған ведемствоның парақшасында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір