• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:23:14
Алматы
+35°

Алматы облысында жеке шаруаларға арналған оқу семинары аяқталды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Екі ай ішінде жергілікті шаруалар Ресейден келген мамандардан (РФ, Липецк қаласында орналасқан Сүт бизнесі академиясының өкілдері) дәріс алып, өз білімдерін жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Оқу бағдарламасы аясында шаруалар мал өсіру, төл алу, сүт өндірісін жақсарту, шикі сүтті өткізу, заңмен қарастырылған құқықтық-әкімшілік ережелер мен талаптарды сақтауға қатысты ақпараттармен таныс болды. «Фермерлер мектебінде» теориямен қатар ресейлік оқытушылар тәжірибелік дәрістермен де бөлісті.

Жекеменшік фермерлер мен мал дәрігерлеріне арналған оқу-әдістеме бағдарламасы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы мен «Danone» компаниясының бастамасымен жүзеге асырылып отыр.

“Danone Berkut” ЖШС бас директоры: «Алматы облысы сүт өндірісін іске асыруға болатын жайлы аймақ. Табиғаты тамаша, ауасы таза, сиырлары сүтті келеді. Сүт өндірісін дамытуға үлкен мүмкіндіктер жетерлік. Бастысы, дұрыс бағдар беріп, жол көрсету. Сол үшін де біз екі айлық семинар дәрістерін жүргізуді қолға алдық. Шаруалар алған білім арқылы өз кәсіптерін ары қарай дамытып, жетілдіреді деген ойдамыз».

 «Фермерлер мектебіне» келген әрбір жан өздеріне қажетті ақпаратты алды деп сенеміз. Біз берген білімді жеке шаруалар өз кәсібінде пайдаланса, нұр үстіне нұр болады. Шаруалар бізден алған дәрістерді әріптестерімен бөлісіп, жаңа технологияларды пайдаланып, өз кәсібінің жұмысын сапасын арттыра алады,» - деді СБА оқу комбинатының директоры Кадрия Киршенина

«Қыркүйек айында басталған «Фермерлер мектебінің» дәрістеріне 150-ге жуық шаруалар қатысты. Олардың көбі мал шаруашылығы саласында жекеменшік кәсіппен айналысады. Арасында мал дәрігерлері де бар. Дәрістер әр түрлі тақырып бойынша төрт семинарға бөлінді. Әр семинарды СБА өкілдері жүргізді. Дәріс қатысушылары өздерінің білімдерін толықтырып, кейін өз кәсібінде іске асыра алатынына сеніміміз мол,» - Абзал Жазбаев “Danone” компаниясының маманы. 

Нұрлан Өтеулинов, шаруа: «Менің Алматы облысы, Қарасай ауданында жеке кәсіппен айналысқаныма 10 жылдай болып қалды. 100 шақты ірі қара малым бар. Күніне шамамен 200-300 литр сүт аламыз. Оны шикі сүт ретінде өткіземіз. Осы семинарға келіп, білім алып, мамандардың кеңестерін тыңдап жатқан жайымыз бар». 

Жеке шаруаларды оқыту бағдарламасы 2020 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енетін Еуро кедендік одақтың жаңа техникалық регламенттерге дайын болуы үшін жүргізілді. Жаңа құжаттың талаптары шикі сүттің ішіндегі антибиотиктердің болуы мен тазалығына қатысты. Қазақстан еліне дайындық жұмыстары үшін 1 жыл уақыт берілген болатын. Алайда, сарапшылар қабылданып алынатын шикі сүтті қабылдап алу жағдайы еш өзгермегенін айтады

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір