• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:48:10
Алматы
+35°

2019 жылдың 1 желтоқсаннан бастап Алматы мен елордадағы "Magnum"  гипермаркеттерінде пакет 5 теңгеден сатылатын болады. Бұл туралы "Magnum Cash&Carry"-дың PR-менеджері Дмитрий Шишкин хабарлады.

Бұл - пластикалық пакеттен бас тарту туралы экология министрлігінің бастамасын жүзеге асыруды алғашқы кезеңі. Осы арқылы пакетті шамадан тыс алуды төмендету көзделген. Әлемдік тәжірибеде пакетке төлем енгізу пластик қолданысын 30-70 пайызға азайтқанын көрсетіп отыр.

Сондай-ақ жуық арада дүкенге биоерігіш, қағаз пакеттер мен сөмкелер сынды пластик пакеттерге альтернативті өнімдер әкелінбек.

Пакет сатылымынан  түскен табыс толықтай қайырымдылыққа жұмсалмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір