• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:22:40
+35°

Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі емтиханды қалай өткенімізге байланысты болмақ. Бүгін, 12 қарашада Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан "Astana Club" отырысында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

- Бүкіл Еуразияда қауіпсіздік пен тұрақтылықсыз ешкім де ұзақ мерзімді дамуға қол жеткізе алмайтынын Қазақстан ұғып отыр. Сол себепті бүгінгі жағдайда құрлықтағы барлық елдер тар аймақшылыққа, блоктық ойламға берілмей, еуразиялық ауқымды санатта ойлануы тиіс. Тек осылай ғана Еуразиялық субқұрлық өзіне тән әлеуетті іске асыра алады. Дәл осы ретте біздің клуб Үлкен Еуразия атты жаңа геосаяи құрылымда бірыңғай алаң болып отырғаны қуантады, - деді Назарбаев.

Назарбаев әйгілі ойшыл Арнольд Тойнбидің сөзін келтірді.

- Тарихтың сын-тегеурініне қарсы тапқан жауаптарына қарай әрбір қоғам дамып, жеңіп келеді. Тарих – қатал экзаменатор. Көп ел бұрыс немесе орынсыз әрекеті үшін жауап берген. Бір елдің немесе аймақтың ғана емес, тұтас адамзаттың келешегі бүгінгі сынақты қалай өткенімізге байланысты болмақ. Тек күш біріктіру арқылы ғана жаңа қауіптер мен тегеуріндерге қарсы тұра аламыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Бүгін, 12 қарашада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордада "Astana Club" отырысы өтіп жатыр. Бұл жиынға әлемнің 23 мемлекетінен геосаясат, экономика мен халықаралық қатынастар саласының сарапшысы ретінде мойындалған 50-ден астам халықаралық спикер қатысуда. Құрметті меймандардың қатарында - 3 бұрынғы мемлекет басшысы, 5 экс-премьер-министр, 10 министр және Нобель сыйлығының лауреаты бар.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір