• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:52:07
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

09 Қараша, 2019 NEWS

Алик Шпекбаев: ҚазҰУ мен "НАРХОЗ" университеті жастар бастамаларының орталығына айналды  

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның аясында Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарына (бұдан әрі - жоо) барды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Алик Шпекбаев

Бүгінгі таңда ҚазҰУ еліміздің жетекші жоо ретінде әлемнің ең үздік 200 тобына қосылу туралы еліміздің тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған маңызды мемлекеттік міндетті іске асыруда мақсатты жұмыстар атқаруда.

Өз кезегінде ЖОО басшылығы «Университет 4.0» жобасын таныстырды. Бүгінде ҚазҰУ-нің әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналуы al-FarabiUniversitySmartCity инновациялық платформасының негізінде ҚазҰУ әзірлеген және енгізген «Университет 4.0» тұжырымдамасының аясында жүзеге асырылуда. «Университет 4.0» жоғары технологиялық және рухани-адамгершілік платформасының селбесуіне негізделеді және еліміздің, әлемнің азаматтары ретінде жоғары деңгейлі мамандардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталған.

Алик Шпекбаев

Сондай-ақ, парасаттылық мектептері ашылды. Мектептің басты мақсаты – жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа формациядағы жас өкілдерін даярлау.

Осыдан соң Алик Шпекбаев «НАРХОЗ» Университетіне барып, оның студенттер мен оқытушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды ұйымдастыру мәселері жөніндегі жұмысымен танысты.

Кездесу барысында Нархоз университетінде бірінші курсты оқытудың жаңа тәсілдері таныстырылды. Жұмыстың интерактивтік әдістеріне және әр студентке жеке тәсіл қолдануға негізделген жаңа әдістеме плагиатпен және студенттердің жазба жұмыстарын тапсырыспен орындауға байланысты мәселелерді азайтадынемесе құтқарады.

Алик Шпекбаев

Алик Шпекбаев кездесуді қорытындылай келе: «Жыл сайын мен жоғары мінбелерден НАРХОЗ университетінде жемқорлықтың тіпті иісі де жоқ деп мәлімдеймін. Университеттің менеджменті мен оқытушылары ең алдымен оқытудың сапасына және рәсімдердің ашықтығына баса назар аудара отырып, жаңаша жұмыс істейді», - деп атап өтті.

Ал,«AlmaU»Университетінде студенттерде қоғамға және парасаттылыққа қызмет ету қағидаттарын қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекемесінің басшысы бүгінгі таңда еліміздің 2,5 мың оқу орындарының базасында жастардың бастамаларының орталығына айналған парасаттылық мектептерінің жұмысы ұйымдастырылғанын мәлімдеді.

Ол үлгі ретінде ҚазҰУ мен «НАРХОЗ»-ды атады.

«Креативті жастардың қатысуын көру көңілге қуаныш сыйлайды. Өскелең ұрпақ түрлі форматтағы іс-шаралар мен қайырымдылық акцияларын өткізу, видеороликтер мен мультфильмдер әзірлеу арқылы парасаттылық қағидаттарын қолдайтынын көрсетуде», - деді А.Шпекбаев.

Сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою тек қоғамда сенім болған жағдайда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бей-жай қарамайтын азаматтар кеңінен тартылғанда ғана мүмкін болмақ.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір