• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
10 Желтоқсан, 08:11:48
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

09 Қараша, 2019 Спорт

Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегі алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен Нигериядан шыққан канадалық  Альберт Онолуносе WBC Continental Americas және WBO Global титулдары үшін жекпе-жек алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы қарсыласынан ауыр болып шықты. Осылайша, Әлімханұлы таразыда 72,1 келіні, Онолуносе 71,6 келіні көрсетті.

Он раундтық жекпе-жек Калифорния штатындағы Фресно қаласындағы Chukchansi Park аренасында өтеді. Ол 10 қарашада "Хабар" арнасында сағат 08:00-де тікелей эфир басталады.

Әлімханұлы 17 тамызда Лос-Анджелесте өткен соңғы жекпе-жегінде канадалық Стюарт МакЛелланды бесінші раундта нокаутқа түсіріп, өзінің екі титулын да қорғап қалған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір