• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:03:33
Алматы
+35°

«Ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға да кірісуіміз қажет. Осыған байланысты арнайы «Ауыл - ел бесігі» атты жобаны жүзеге асыру қажет. Бұл арқылы қазақстандықтардың жергілікті жердегі еңбегіне қатысты идеологияны қолға алуымыз керек. Бұл әкімшіліктердің міндеті». Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталған Жолдауында осылай деп атап көрсеткен болатын.

Бүгінде жарқын жоба аясында Жамбыл облысында да ілкімді істер атқарылуда. «Ауыл-ел бесігі» жобасы бойынша ұсынылған жобалардан Сарыкемер ауылында барлығы 948,0 миллион теңгеге 29 жоба іріктеліп, бүгінгі таңда оның 22 жобасы аяқталған. Ал қалған 7 жоба бойынша жұмыс жалғасуда. Ал, Шу ауданы бойынша барлығы 44 жобаға ұсынылып, қазіргі күні жобада жұмыстар аяқталды. Оған жалпы 1 404,4 миллион теңге қарастырылған болатын.

Жамбыл ауданында «Ауыл-ел бесігі» жобасы қарқынды іске асуда.

– Ауданымызда «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында құны 726 миллион 870 мың теңгелік 35 жобаны іске асыру қолға алынған болатын. Оның ішінде: электрмен жабдықтау бойынша 8 жобаға 86 миллион 005 мың теңге, Аса ауылындағы су құбыры жүйелерін ағымды жөндеуге 14 миллион 757 мың теңге, білім нысандарын жөндеу бойынша 3 жобаға 149 миллион 533 мың теңге, спорт нысандарын жөндеу бойынша 2 жобаға 175 миллион 809 мың теңге, жол жөндеу жұмыстарына 21 жобаға 300 миллион 766 мың теңге бөлінді. Бүгінгі таңда, 32 жобаның (оның ішінде 8 жоба электрмен жабдықтау, 1 жоба сумен жабдықтау, 2 жоба білім нысандары, 1 жоба спорт нысаны, 20 жоба жол жөндеу жұмыстары) құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Бұдан бөлек, 2 нысанның (Аса ауылы, Абай көшесінің бойындағы М.Төлебаев атындағы Саз мектебінің ғимаратын күрделі жөндеу, Абай көшесін орташа жөндеу) құрылыс жұмыстары жалғасуда, 1 нысан (Аса ауылы Абай көшесінің бойынан әмбебап залы бар спорт-сауық кешенінің құрылысы) 2020 жылға өтпелі болып табылады,-дейді Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов. Жалпы айтқанда, 2020 жылы Қордай, Меркі, Т. Рысқұлов, Жуалы, Сарысу және Талас аудандары аумағындағы 6 ауыл жаңғыртылмақ. Ал Мойынқұм, Жуалы, Жамбыл, Қордай, Сарысу және Шу аудандарында жоба 2021 жылы іске асырылмақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір