• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:44:10
Алматы
+35°

Шығыс Қазақстан облысының төрт ауданында 10 ауыл таратылды. Бұл туралы облыстық мәслихаттың кезекті отырысында айтты, – деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атап айтқанда, Күршім ауданында Ақбұлақ ауылдық округінің Алтай ауылы, Күршім ауылдық округінің Діңгек ауылы, Марқакөл ауылдық округінің Тентек ауылы таратылды. Сондай-ақ, Қалғұт ауылдық округінің Жылатау ауылы таратылып, Қаратоғай ауылының құрамына, Құйған ауылдық округіне қарасты Қарабұлақ ауылы таратылып, Қайнар ауылының құрамына енді.

Ұлан аймағында Ақжартас және Бозанбай ауылдық округінің Қызылсу ауылдары да жойылғандардың қатарына қосылды.

Көкпекті ауданына келетін болсақ, бұл жерде Биғаш ауылдық округінің Комсомол ауылы таратылып, Егінбұлақ ауылының құрамына кірді. Аухади ауылдық округіне қарасты Кіші Бөкен Қойгелді ауылы таратылып, Үкілі қыз ауылының құрамына енді. Шемонаиха ауданының Октябрь ауылдық округіндегі Садовое ауылы да жойылды.

Облыстық мәслихаттың шешімі 10 күннен кейін күшіне енеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір