• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 14:11:58
Алматы
+35°

Алматыдағы екі аудан мен  бірқатар ғимараттарда уақытша суық су тоқтатылды деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды, "Алматы су" МКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салқын су тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттарда болмайды.

7 қараша күні сағат  9:00 мен 20:00 аралығында  Әуезов ауданында "Мамыр-1", "Мамыр-2", "Мамыр-3", "Мамыр-4", "Мамыр-7", "Астана", "Школьник" шағын аудандарының аймағында тұрған ғимараттарға салқын су беру тоқтатылады. 

Ал Түрксіб ауданындағы "Жас Қанат" шағын ауданының тұрғындарына 9:00 мен 17:00 арасында салқын су берілмейді. 

Сондай-ақ 8 қарашада 9:00 мен 17:00 арасында Түрксіб ауданында Кассин - Сейфуллин - Ровенский - Арктическая көшелерінің контурындағы аймақта су болмайды.

 "Алматы су" МКК мәлімеуінше, салқын судың уақытша берілмеуіне магистраль желілерге жаңа су құбырларын қосу себеп болып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы су

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір