• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 08:42:26
Алматы
+35°

Елімізде әлемдегі қазақ диаспораларын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы әзірленіп жатыр. Ол этникалық қазақтарға арнайы куәліктер шығаруды қарастырады, – деп хабарлады "Отандастар" қорының бірінші вице-президенті Талғат Адуов.

Омбыдағы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық форумы аясында өткен бизнес-форумда Т.Адуов: "Диаспораларды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалуда. 2020 жылдың көктеміне қарай біз оны аяқтауды жоспарлап отырмыз. Мемлекеттік бағдарлама ел басшылығы деңгейінде таныстырылады", – деп мәлім етті.

Одан өзге форумда 2020 жылдың көктемінде "Отандастар" қоры отандастар форумын өткізуді жоспарлап отырғандығы айтылып, онда мемлекеттік бағдарламаның мүмкіндіктері жария етілетіндігіне тоқталды.

"Мемлекеттік бағдарламада жақсы тетіктер бар, мысалы, қазақтың куәлігі. Бұл шетелдегі қандастарымызға Қазақстанда саяси құқықтардан басқа, көптеген құқықты біздің елдің азаматтарымен тең жағдайда пайдалануға мүмкіндік беретін құжат", – деді "Отандастар" қорының бірінші вице-президенті.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір