• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:25:46
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

28 Қазан, 2019 Аймақтар

Жамбылда қараусыз қалған 5 тұрғын үй қайта жаңғыртылуда

Бүгінде жергілікті жерлерде тұрғын үй алудың кезегінде тұрған тұрғындарды баспанамен қамтудың барлық тетіктері қарастырылуда. Соның ішінде басымдық жаңа тұрғын үйлердің құрылысы мен бірге бұрын қолданыста болып кейіннен босап қалған тұрғын үйлерде қайта жаңғырту жұмыстарына беріліп отыр. Қазір өңірде осында 37 тұрғын үй қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізуді қажетсінеді. Бұл үйлер толық жөнделіп пайдалануға берілген кезде 3514 отбасы баспана бақытын сезінуге мүмкіндік алады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Мұндай тұрғын үйлер кезінде ірі өндірістік ошағының маңына салынып, кеңестік жүйе тараған соң бос қалған Қаратау, Жаңатас қалаларында жеткілікті. Сол секілді тоғыз жолдың торабындағы Шу қаласында иессіз қалған тұрғын үйлер бар. Екі жыл бұрын мұндағы «Жетісу» тұрғын алқабындағы тұрғын үйдің жаңғырту есебінен 75 отбасының баспаналы болғаны есте. Сондай-ақ Жаңатас қаласында да қайта жаңғыртудан өткен тұрғын үйлердің есебінен бірқатар жергілікті азаматтардың тұрғын үйге қол жеткізені белгілі.

–Жалпы қазір өңірдегі қалаларда қайта жаңғыртуды қажет ететін 37 тұрғын үй есепке алынған. Оларды жөндеу есебінен 3500-ден астам отбасыны баспанамен қамту жоспарланды. Күрделі жөндеуді қажет ететін нысандардың 18-сі коммуналдық меншікте болса, 17 үй жеке меншікте. Ал 2 тұрғын үйдің меншік иесі анықталмады.

Ағымдағы жылы қайта жаңғыртуды қажет ететін 5 тұрғын үйде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда Шу қаласында «Жансая» шағын ауданында іргетасы 1989 жылы қаланған №1 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Мұнан бөлек Жаңатас қаласында 1 шағын аудандағы 9 тұрғын үйге қайта жаңғыртылуда. Бұл нысандарды пайдалануға беру есебінен жыл соңына дейін 326 пәтерде қоныс тойы тойланады. Ал келер жылы республикалық бюджеттен қаржыландырылуымен 115 пәтерлік 2 тұрғын үйдің қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек.

Жалпы тұрғын үйлерді бюджет қаржысымен қайта жаңғыртудың заңдылығына сай олар ең әуелі коммуналдық меншікке өтуі керек. Қазір Қаратау қаласындағы 10, Жаңатас қаласындағы 6, Қордай ауылындағы 1 тұрғын үйді жеке меншіктен коммуналдық меншікке алу бойынша тиісті рәсімдер жүргізіліп жатыр,–дейді облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір