• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
11 Желтоқсан, 21:14:33
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

29 Қазан, 2019 NEWS

Қос Димаш Нью-Йоркте кездесті

Америка төрінде қазақтың қос Димашы кездесті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Димаш Құдайбергеннің әкесі өзінің жеке парақшасында жазды.

«Нью - Йорк полицейі Димаш Ниязов сәлем беріп келді», - деп жазды Қанат Айтбаев әлеуметтік желідегі парақшасында.

қос димаш

Еске салсақ, Димаш Құдайберген АҚШ-қа барып, Игорь Крутойдың мерейтойында өнер көрсетті. Димаштың жеке концерті осы қалада 10 желтоқсанда өтеді.

Ал Димаш Ниязов бала кезінде ата-анасымен АҚШ-қа көшіп кеткен Қазақстан тумасы. 13 жасында АҚШ-қа қоныс аударған. Ол NYPD (New York City Police Department) жұмыс істейді, Бруклин аудандарында полицей қызметін атқарады. 2017 жылдың басында ең үздік қызметкер атағын алған. Бүгінде қызметімен қатар боксты да өзіне серік еткен қазақ. 



Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір