• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:21:00
Алматы
+35°

"26 қазан күні әскери бөлімнің фельдшері әскери қызметшіні ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізді. Клиникалық-зертханалық тексерістердің және салалық мамандардың консультацияларынан кейін науқасқа «менингококк инфекциясының күрт асқынатын түрі» алдын ала диагнозы қойылды. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүргізілген интенсивті терапияға қарамастан, ол 5 сағаттан кейін қайтыс болды", – делінген облыстық Денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәлімдемеде.

Алдына ала мәлімет бойынша, сарбаз медициналық қызметке 26 қазан күні жүгінген. Ол әскери бөлімге 16 қазан күні келген.

«Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаның анық-қанығын тексеру үшін комиссия құрды. 27 қазан күні әскери бөлімде эпидемияға қарсы, алдын алу шаралары өткізілді – науқаспен қарым-қатынаста болғандардың барлығын дәрігер қарап шықты, антибиотикопрофилактика басталды. Байланыста болғандардың арасында менингококк инфекциясын жұқтыру белгілері бар тұлғалар анықталған жоқ. Медициналық бақылау жалғасуда", – деп хабарлады Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір