• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:41:59
Алматы
+35°

Үстіміздегі жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында зергерлік бұйымдар өндірісі 529,1 теңгені құрады, деп жазады energyprom.kz порталы. Былтыр осы кезеңде 507,8 млн теңгенің өнімі өндірілген болатын.

Алайда өнім көлемінің артқанына қарамастан, алтын бағасы арзандаудың орнына қымбаттай түскен. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда алтын бұйымдардың құны 5,8 пайызға қымбаттап, граммына 16 870 теңгені құраған. 2018 жылы бағалы металл 15 938 теңгеден сатылған еді.

Ең қымбат алтын бұйымдар Нұр-Сұлтан (23707 тг), Ақтау (20285 тг), Атырау (19859 тг) қалаларында. Баға өсімі Павлодар (+26,5%, 17491 тг дейін), Алматы (+19,6%, 15254 тг дейін), Шымкент (+17,3%, 15725 тг дейін) шаһарларында жоғары.

Жыл басынан бергі 9 айда өңделмеген және жартылайөңделген алтын өндірісі 74,9 тоннаға жеткен. Бұл былтырғыдан 5 пайызға жоғары.

Осылайша, өндіріс көлемі артқанымен, алтын бағасы арзандар емес.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір