• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
12 Желтоқсан, 15:06:26
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

25 Қазан, 2019 Барлық аймақтар

«Nur Otan» партиясында мемлекеттік тілді дамыту жайы сөз болды

«Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің қатысуымен «Nur Otan» партиясы жанындағы «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011–2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» орындалуын талқылауға арналған отырысы өтті. Жиынға билеуші партия басшылығы, жауапты мемлекеттік органдар және шығармашылық пен ғылым өкілдерінен құралған зиялы қауым қатысты.

Кеңесте «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мемлекеттік тілді, мәдениет пен дәстүрді дамыту «Nur Otan» партиясының стратегиялық басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

ррлгш

«Елбасы саясатының арқасында ана тілімізді сақтап қана қоймай, оны Қазақстанда ғылым мен білім саласының негізгі тіліне айналдыру үшін барлық жағдай жасалды. Еліміздің басты заңы – Конституцияда нақты мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп бекітілді. Тілдер туралы заң қабылданып, мемлекеттік тілдің қолданылу талаптары басқа да салалық заңдарда айшықталды. Бүгінде мектептердің 70% қазақ тілінде білім береді. Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі – 64,5% құрайды. Елбасы бастамасымен, әлемдегі үздік оқулықтар мен кітаптарды шетел тілдерінен тікелей қазақ тіліне аудару жұмыстары іске асырылуда, қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру қолға алынды. Қазақ тілінің қолдану аясы бұрынғымен салыстырғанда айтарлықтай кеңейді», - деді Бауыржан Байбек.

щэщжшг

Сонымен қатар, ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халық санағы бойынша ұлтымыздың үлес салмағы 39%-ды құрағанын, ал мектептердің бар-жоғы 30%-ы қазақ тілінде білім бергенін тілге тиек етті. Бүгінде демографиялық проблема шешімін тауып, ел халқының саны 18 миллионнан асса, оның 70%-ға жуығын қазақ ұлты құрап отыр. Осы жылдар ішінде кезінде шетелге кетуге мәжбүр болған 1 миллионнан астам қазақ елге оралған.

Мәжіліс барысында «Мирас» республикалық қоғамдық кеңесінің мүшелері мемлекеттік тілге қатысты өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Белгілі блогер Яков Федоров мемлекеттік қызметке қабылданатын әрбір азаматтың мемлекеттілік тілді білуі тиіс екендігін, сондықтан осы талапты ескеретін тетіктерді әзірлеу қажеттігін алға тартса, ҚР Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесіне тоқталып, олардың саны мен сапасын арттыруды ұсынды.

ьжьэд

Астана қаласындағы Түрік этномәдени орталығының төрағасы Әскер Пириев интернетте қазақ тілді ақпараттық өнімнің әлі де жеткілікті емес екендігін айтып, оны арттыру үшін мемлекет есебінен шығарылған кез келген медиаөнім интернет желіге тегін жарияланса деген ойымен бөлісті. Осы ойды қуаттаған қоғам қайраткері, тіл жанашыры Оразкүл Асанғазы қазақ тіліндегі іс қағаздарының, көрнекі ақпараттардың сапасына тексеру жүргізу, бұған барша ынталы жандар мен жастарды, еріктілерді жұмылдыру, жұртшылыққа арналған сапалы, өнегелі контентті көбейту, әсіресе балаларға арналған мультфильмдер шығаруға қаражат қарастыру қажеттігін баса айтты.

«Егемен Қазақстан газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қазақ тілінің шын мәнінде, әсіресе, түркі халықтарының арасында ұлтаралық тілге айналуға мүмкіншілігі бар екендігіне тоқталды. Мұны іске асырудың бір тетігі ретінде елімізде қазақ тілінде сөйлей алатын өзге ұлттардың арасында тілдік Олимипиада өткізуді және оның жеңімпаздарын университеттерге қабылдауға жеңілдіктер қарастыруды ұсынды.

Кеңес мүшелерінің ұсыныстары тыңдалған соң, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова «Қазақстан Республикасындағы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы бойынша есеп беріп, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді. Ол отырыс барысында айтылған барлық ұсыныс-пікірлердің министрлік тарапынан назарға алынып, осы мәселелер бойынша арнайы жұмыс тобы құрылатынын, тілдерді дамытуға арналған жаңа бағдарламаны іске асыруда ескерілетінін мәлімдеді. Бұлардың барлығы да аяқсыз қалмай, «Мирас» қоғамдық кеңесінде қаралып, «Nur Otan» партиясымен бірлесе атқарылу арқылы нәтиже шығарылатынын тағы да нықтап айтты.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында айтқандай, қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде ұлтаралық қатынас тіліне айналуы тиіс. Бұл үшін оны қолдануға деген сұраныс қалыптастыру керек. Осы бағыттағы жұмыстар нәтижелі болу үшін жүйелі талдауға жүгіну, халықаралық тәжірибені зерделеу, ресми орындар басшыларының жауапкершілігін арттыру қажет», - деп түйіндеді Бауыржан Байбек.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір