• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 19:01:28
Алматы
+35°

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қай кезде мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға жіті көңіл бөліп келеді. Осы орайда Тұңғыш Президент «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының бір бағыты ретінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құруды, сол арқылы саладағы жұмыс нәтижесін жетілдіруді тапсырған болатын.

Бұл тұрғыда Елбасы «Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды Қазақстан азаматтары мемлекеттік қызметтерді бір жерден алатын болады деп атап көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметті сапа менеджменті iso 9000 сериясына сәйкес халықаралық сертификаттау мәселесіне де айрықша назар аударылды.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысындағы филиалы да тындырымды тірліктердің басы-қасынан табылуда. Ең басты мақсат-халыққа сапалы қызмет көрсету. Сонымен қатар келушілерге қолайлы болуы үшін ғимараттардың да материалдық-техникалық базасын жақсартуға айрықша көңіл бөлінуде.

Қазіргі таңда, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Исмаилова көшесі 309 «А» мекенжайы бойынша орналасқан Мемлекеттік корпорацияның бөлімінің, жалпы алаңы 300 шаршы метр ғимаратын, ЖК «Қалысбаев»-тың ақысыз негізде Меркі ауылы, Сарымолдаев көшесі, 158 «В» мекен жайы бойынша талаптарға сай жаңа жалпы алаңы 489,9 шаршы метр болатын ғимарат ұсынуына байланысты, жаңа мекенжай бойынша көшу жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар 2019 жылдың 1 сәуірінде Т.Рысқұлов аудандық бөлімі, Құлан ауылы, Жібек Жолы көшесі 71 үй мекен жайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 199,1 шаршы метр ғимараттан, осы ауылдың Жібек Жолы көшесі 26 «А» мекен жайы бойынша орналасқан жалпы алаңы 1174,5 шаршы метр болатын, жергілікті атқарушы орган ұсынған ғимаратқа көшіп, өз жұмысын атқаруда.

Бұдан бөлек Талас аудандық бөліміне қыркүйек айында жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда Сарысу аудандық бөлім ғимаратында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы, жаңашылдыққа негізделген құрылымның қызметі уақыт талабымен үндесуде. Мемлекеттік корпорацияда жаңа бөлімдердің де ашылып, көпшілікке көп көмегін тигізіп жатқандығын айта кеткен жөн.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір