• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:07:42
Алматы
+35°

Көмірдің 1 тоннасының орташа бағасы 12,4 мың теңге. Ал ағаш отынның кубметрі 6,5 мың теңгені құраған. Табиғи газға қосылған аймақтарда көгілдір отынның кубы 18,7 теңгеге тең, деп жазады energyprom.kz порталы.

Көмірдің ең жоғары бағасы Орал (18,5 мың теңге), Қызылорда (14,1 мың теңге) және Алматыда (14 мың теңге) тіркеліп отыр. Ең қымбат ағаш отын елордада (12,7 мың).

Табиғи газ бағасы өндіруші өңірлерде 1 куб метрі 8-10 теңгеден сатылуда. Ал сатып алып отырған аймақтарда отынның бұл түрінің куб метрі 32,5 теңге дейін жетеді.

Сәйкесінше, батыс қалаларда табиға газ бағасы арзан: Атырауда (8 тг), Ақтөбеде (9,8 тг), Ақтауда (10 тг). Ал Шымкент пен Түркістан және (32,5 тг), Алматы (29,4 тг) газ бағасы ең қымбат қалалар қатарында.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір