• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 22:26:28
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

21 Қазан, 2019 Әлеумет

"Орбұлақ" қойылымына қанша қаржы кетті?

 Қазақ тарихында қатпарлы кезеңі ауыр әрі қасіретті сәттерге толы. Ел мен жер үшін ғасырлап күрескен ата-бабаларымыз шайқастың небір түрін бастан өткерді. Ел жадында сақталып, қазақ батырларының ерлігі аңызға айналған ұрыстың бірі — Орбұлақ шайқасы.

Орбұлақ

XVI – XVIII ғасырдың тарихына қатысты нақты деректерді табу өте қиын. Cол себепті де тарихымызда сыры ашылмаған, беймәлім жайттар көп. Шайқастағы кейбір оқиғалар шындыққа жанаспай, тарихи тұрғыдан шешімін таппағанымен, Орбұлақ шайқасының болғаны анық. Кей мәліметтерде бұл соғыстың болғанын аңыз деп жүргенімен, шайқас 1643 жылдың жазында қазақ хандығы мен жаңа пайда болған жоңғар хандығының арасында болғандығы туралы деректер бар. Қақтығыстың басты себебі, жер мәселесі.

Шайқастың географиялық орнына тоқталар болсақ, оқиға Жоңғар Алатауының етегінде Орбұлақ өзенінің бойында болған. Яғни қазіргі Алматы облысы, Алтынемел асуы. Бүгінде ол жерде осы шайқастың құрметіне орнатылған ескерткіш бар.

Алматы облысы ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында Орбұлақ шайқасының 376 жылдығына арналған шара өтті. Тарихи оқиға негізінде театрландырылған қойылым  екінші мәрте   көрерменге көрсетілді.

Орбұлақта балалар

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Рустам Алпысбаевтың айтуынша, мемлекет қаржысынан шараға 98 миллион қаржы бөлініп, оның 61  миллион теңгесі қойылымға жұмсалған.

Алматы облысының әкімі Амандық Батталов:  

"Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы біздің облысымызда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында екінші мәрте өткізіліп отыр. Бұл – бабаларымыздың ерлігі мен батырлығын көтерумен қатар, жастарды патриоттық ретінде тәрбилеуге теңдессіз жоба. Ұлы дала ұлы тұлғаларды дүниеге әкелді.  Олардың есімдері мен ерліктерін кейінгі ұрпақ білуі шарт. Өткенді білмей, болашақты бағдарлау мүмкін емес. Сіздер Бородино шайқасы туралы жақсы білесіздер. Мәскеуде жыл сайын оны жаңғырту дәстүрге айналған. Бізде тарихи қойылымды көрсету арқылы данқты Орбұлақ шайқасын ұрпақтар жадында орнықтыруды қалаймыз. Болашақта деректі фильм түсірсек деген жоспарымыз бар", – деді.

 Қойылым көруге келген қонақтар өзара байланысқан бірнеше іс-шараның бірге көрініс тапқан сәттерін тамашалап, ата-бабаларымыздың тұрмысымен, салт-дәстүрімен танысуға, қазақы мәдениеттің, өркениеттің дәмін татуға мүмкіндік алды. Іс-шарада әр адам этно-мәдениеттің жан-жақтылығын сезіне жүріп, халқымыздың тарихымен тереңірек танысты.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір