• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:41:27
Алматы
+35°

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақстандықтарға арналған Жолдауында қоғам өмірінің барлық саласында ұсынылатын қызмет түрлерін оңтайландыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын енгізу жайы айтылғаны белгілі. Содан бергі аралықта шын мәнінде бірқатар салалар цифрландырудың шарапатын толық сезініп үлгерді. Әсіресе, денсаулық сақтау саласын электронды форматқа көшіру ел тұрғындарына ұсынылатын медициналық қызмет сапасын арттыруға жол ашты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Денсаулық сақтау саласын дамыту мен медициналық емдеу және алдын алу мекемелерінің қызмет көрсету сапасын арттыруда саланы цифрландырудың пайдасын медицина қызметкерлері де жоққа шығармайды. Өз кезегінде цифрландыру қызмет сапасын арттырып қана қоймай, дәрігерлерді қағазбастылықтан арылтуға көмек беруде.

Қазір облыс бойынша 4952 медициналық қызметкердің жұмыс орны 100 пайыз компьютермен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ өңір тұрғындарына медициналық қызмет ұсынатын 391 мекеменің 383-і Интернет желісіне қосылған. Бұл жамбылдық денсаулық сақтау мекемелерінің 98 пайызының Интернет желісіне қосылғанын айғақтайды. Интернетке қол жетімділік бойынша Тараз қаласы мен аудан орталықтарында ешқандай мәселе жоқ. Ал әзірге ғаламтор мүмкіндігі қарастырылмаған 9 мекеме жыл соңына дейін бүкіл ғаламдық желіге қосылатын болады.

–Өңірдегі медициналық ұйымдардың барлығы медициналық ақпараттық жүйеcіне қосылған. Ақпараттық жүйеге 1 068 261 электрондық денсаулық паспорты енгізілген. Бұл «Халықты тіркеу регистрі» бойынша ақпараттық жүйесінде тіркелген 1 121 133 халық санының 94,6 пайызын құрайды. Бүгінгі таңда 233 бастапқы медициналық құжаттама нысанының 203-і толығымен сандық форматта медициналық ақпараттық жүйелеріне енгізілген. «Damu Med» медициналық ақпараттық жүйеcіндегі мобильдік қосымшаға 45 714 адам тіркелген. Нәтижесінде облыс тұрғындарының емханаларға келу көрсеткіші 16 пайызға төмендеген. Ал мобильді қосымшалар арқылы алдын-ала дәрігерлердің қабылдауына жазылу нәтижесінде кезек күту көрсеткіші де 30 пайызға кеміген, –дейді облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір