• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:26:45
Алматы
+35°

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарының жеті негізгі шарасының бірі ретінде мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының конструктивті әріптестігін атап, жемқорлықпен күресте күштік шаралар аздық ететін айтқан болатын. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқына алғашқы Жолдауында бұл мәселеге айрықша тоқталып, нақты міндеттер жүктеді.

Осы орайда қазіргі таңда жаңа Агенттік құрылып отыр, яғни аталған мәселеге күштеп жұмыс жасалатынын осыдан ақ көруге болады. Оның ішінде Құқық қорғау және сот саласына, квазимемлекеттік секторға қатысты арнайы департаменттер ашылып отыр.

Сонымен қатар, жемқорлықпен күресте тек жазалау түрін қолданбай, жемқорлық тәуекелдеріне алып келетін себептердің алдын-алу, насихаттау жұмыстарын жүргізу, адам бойында жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қасиеттерін қалыптастыру бойынша да жұмыстар жалғасын табатын болады.

Бұл тұрғыда Жамбыл облысында ашықтық принциптеріне негізделген жұмыстар жандануда.

Өздеріңіз білетіндей мемлекеттік қызметшілер іссапарларға шыққан кезде олардың әдеп нормаларына сай келмейтін әрекеттеріне халық тарапынан наразылық туындаған болатын. Бұдан былай ауданға немесе ауылдық елді-мекенге тексеру бойынша іссапарға баратын барлық мемлекеттік қызметші барудағы мақсатын көрсете отырып мекеменің әлеуметтік желідегі ресми парақшасына хабарландыру жариялап, департаментке хабар береді. Бүгінгі таңда департамент өз кезегінде келіп түскен мәліметтерге сәйкес «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында іссапарда жүрген мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақталуына қоғамдық бақылау жүргізуде.

Ашықтық принципінде жұмыс істеудің тағы бір жолы «Сервистік әкімдік» және «Open space» жобалары аясындағы жұмыстарды ұйымдастыру,- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Д.Омаров.

Бүгінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы кабинеттерін қайта жабдықтап «Open space» принципі бойынша ашық кеңседе жұмыс істей бастады. Тура осындай кабинетке Байзақ ауданында 2 бөлім басшылары мен 1 ауыл әкімі ауысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір