• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:01:01
Алматы
+35°

Елбасы Н.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту туралы тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында жемісті жұмыстар атқарылуда. Осы орайда Жуалы ауданында да жылдан жылға ілгерілеу анық байқалып отыр. Мысалы, 2017 жылы ауданда барлығы 111 спорттық ғимарат жұмыс істесе, 2018 жылы олардың қатары 120-ға артты. Айта кету керек, 2017 жылы Билікөл ауылдық округі, Қарабастау ауылында облыстық бюджет есебінен жасанды төсеніші бар футбол алаңшасы және демеушілер есебінен волейбол алаңшасы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Б. Момышұлы ауылында «Street Workout» алаңшасы салынды. Аудандағы 34 спорт нысандарына ауыл тұрғындарының қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінің спорт залдары мен аудан орталығында орналасқан спорт нысандарында шұғылдану кестесі жасалып, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

Аудан бойынша 14-29 жас аралығындағы жастар саны 14817 адамды құрайды. Оның 7087-і спортпен жүйелі түрде шұғылданды. Сол жылы ұйымдастырылған 301 іс-шараға 57610 аудан тұрғыны қатыстырылды. Ал 2017 жылдың қорытындысы бойынша жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен айналысатын тұрғындардың үлесі 51399 тұрғынның 14658-сын, яғни 28,5 пайызын құрады.

Қаржыландыру көлемі де жылдан жылға ұлғаюда. 2017 жылы аудан спортын дамытуға 14,0 миллион теңге, оның ішінде ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамытуға-2,0 миллион теңге, аудандық спорттық іс-шаралар өткізуге -3,3 млн. теңге және аудан құрама командаларын облыстық жарыстарға қатыстыруға – 8,7 миллион теңге қарастырылды. Есепті кезеңде ауылдық округтерде 14 арнайы білімі бар спорт нұсқаушылар штаттық бірліктері ашылып, жұмыс жасады.

Ауданда № 12 және № 13 балалар жасөспірімдер спорт мектептері жұмыс істейді. Спорт мектептердің 92 секциясы аудан бойынша 1383 жастарды қамтып, қазақша күрес, бокс, дзюдо, таэквондо, көкпар, еркін күрес, футбол, волейбол, гір көтеру, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі ойындарының түрлерімен аудан жастарын дене шынықтыруға тартып отыр.

Білім беру мектептеріндегі секциялар саны – 110, онда 5400 жасөспірім түрлі спорт үйірмелерінде спортпен шұғылданды. «Аула клубының» спорттық үйірмелерінде 181 жасөспірім таэквондо, бокс, шахмат және футболмен шұғылдануда.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір