• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 09:13:38
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

"Қазфосфат-20" марафоны өтті

Халықтың денсаулығы – ел дамуының маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі. Дана халқымыз денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып, барлық игіліктен жоғары санаған. Тіршіліктің нағыз өзегінен алынған «Бірінші байлық – денсаулық» деген аталы сөз осыған дәлел. Дені сау ұрпақ қана елдің, ұлттың болашағы бола алады. Адамзатты береке-бірлікке, бейбітшілікке үндейтін де осы – спорт. Осы орайда, Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдаулар, мемлекеттік бағдарламалар халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға көптеп тарту және саламатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерін үндеп келеді.

Елімізде спорттың бұқаралылығын арттыру мақсатында мемлекет тарапынан барынша жағдай жасалуда. Бұл ретте Жамбыл облысының Сарысу ауданында да аталмыш сала назардан тыс қалған емес.

Бүгінде, барлық спорт нысандары тұрғындар үшін қол жетімді. Одан бөлек, ауданда 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 1 спорт кешені, 1 стадион, 30 спорт залы, 25 футбол алаңы және 106 спорт алаңшалары ел игілігіне қызмет етуде.

Саланы қолдауға бөлінген қаржы жылдан-жылға ұлғая түсуде. Бұл игіліктің барлығы дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың қатарын көбейтініне сеніміз мол.

Күні кеше Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында «Қазфосфат» ЖШС-нің 20 жылдығына арналған 3 шақырым қашықтыққа жүгіру марафоны өтті.

Марфонға қатысушылар саны мыңнан асып, үлкен-кіші демей жүгіруге деген құлшыныстарын танытты.

«Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов бастаған барша кеншілер қауымы да 20 жылдыққа арналған марафонға елеулі үлес қосты.

Межеге жеткендер қатарында жастары 60-ты алқымдағандар мен алты жасар балаға дейін бар. Олардың қауіпсіздіктері басты назарға алынып, жедел жәрдем көлігінен бастап барлық тиісті мекмелер мамандарымен соңдарынан жүріп отырды. Абырой болғанда ешқандай қатысушы сыр бермей, жеңіс сызығына жетті.

Жеңіс тұғырынан көрінген қатысушыларды аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры Мұратқали Сәрсенов марапаттады. Олар белсенділер мен жеңімпаздар, ер және әйел, жас айырмашылықтарына қарай арнайы алғыс хаттар мен заттай, қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір