• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:27:20
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

20 Қазан, 2019 Аймақтар

Аудан әкімі студенттермен кездесті

Жастар жылына орай Жамбыл облысында түрлі іс-шаралар өткізіліп, жастардың қоғамдағы орнын, оларға жасалған жағдайды арттыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Солардың қатарында әкімдердің белсенді жастармен кездесу өткізуі дәстүрге айналған. Мұндай жиындарда өрескел ұрпақ аға буынға қоғамдағы мәселелер жайлы ашық ойларын айтып, өз сауалдарына жауап алады.

Осындай кездесудің бірін Талас ауданының әкімі Досмаханбет Алиев өткізді. Басқосу аудан орталығы Қаратау қаласындағы Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің базасында өтті. Кездесуге аудандағы 4 арнаулы орта оқу орны – Қаратау құрылыс-техникалық колледжі, Қаратау білім, бизнес және технология колледжі, Қаратау тау-кен колледжі және Қаратау № 2 колледжінің белсенді студенттері қатысты.

Жиында әуелі аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Н. Манатбеков Талас жастарының осы жылы жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы баяндап өтті. Сонан соң колледж директоры Д. Маселбеков колледж қабырғасында оқып жүрген студенттердің көгалдағы хоккей спортынан ҚР спорт шеберлері атанғанын айтып, ұлттық «Worldskills» чемпионатында жүлделі екінші орын алғанын мақтанышпен жеткізді.

Кездесуде Аудан әкімі жастарға кездесу еркін форматта өтетіндігін, ешқандай қымсылып-қымтырылмай, көкейлерінде жүрген сұрақтарын еш бүкпесіз қоюларын сұранды. Кездесу барысында Қаратау құрылыс-техникалық колледжінің білімгерлері белсенділік танытып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Волонтерлар жылы» деп бекіткен 2020 жылы ауданда атқарылатын шаралар, тұрмыстық жағдайы төмен білімгерлерге аудан әкімінің грантын қарастыру, қала жастарына арналған саябаққа тегін Wi-Fi орнату, «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа қабылданатын студенттер санын көбейту, ұлттық «Worldskills» чемпионатына қатысатын студенттерге демеушілік көрсету жайында ұсыныстарын білдірді. Аудан әкімі өз кезегінде қойылған сұрақтардың бәрі назардан тыс қалмайтынын, жастардың ұсыныстарын жан-жақты қарап орындауға уәде етті.

Кездесу аясында Досмаханбет Қасымұлы колледждің белсенді жастары жататын жатақхана, пән бойынша өтілетін зертханалық кабинеттер мен ұйымдастырылған көрмелермен танысып өтті.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір