• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 19:04:49
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

19 Қазан, 2019 Аймақтар

Тұрғынүй құрылысы толастамайды

Елбасы Жолдауында айқындалған «Нұрлы жер» бағдарамасының басты мақсаты- күн санап артып келе жатқан сұраныс жағдайында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Биыл Жамбыл облысында осы бағдарлама аясында тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына қыруар қаражат қаралыпты.

Жалпы, ағымдағы жылы облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 465,4 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарланыпты. Оның ішінде 140 247 шаршы метрі – көппәтерлі, 325 153 шаршы метрі – жеке тұрғын үй құрылысы. Тұрғын үйлер мен инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету нысандарына қарастырылған 16,7 миллиард теңгені нақтылар болсақ, арендалық үйлерге – 5,7 миллиард, кредиттік үйлерге – 6,2 миллиард, ал жалпы инфрақұрылымды дамытуға 4,6 миллиард теңге бөлінген екен. Осы қаржы есебінен 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, 14 инженерлік инфрақұрылым жобалары іске асырылмақ. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың сөзіне сенсек, ағымдағы жылы бюджет есебінен 2 095 адам пәтермен қамтамасыз етіледі.

– Сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін тұрғын үй салу бойынша осы жылы 658 пәтерлі арендалық 9 үйдің құрылысы және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады. Мәселен, облыс орталығында 400 пәтерлі 5 үй, Қордай ауданында 50 пәтерлі 1 үй, Жамбыл ауданында 18 пәтерлі 1 үйдің құрылысы жүргізілетін болса, Сарысу ауданында 190 пәтерлі 2 үйге қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілмек. Сонымен қатар тұрғындардың басым бөлігі басыбайлы баспаналарына несие арқылы қол жеткізетіндігі белгілі. Осыған орай, өңірде 2019 жылы 1460 пәтерлі 21 үйдің құрылысын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр, – дейді Жайықбай Шалдарұлы.

Бүгінде үй алудан бөлек жер алудың өзі біраз еңбекті қажет етеді. Жасыратыны жоқ, көптеген азаматтар үй салуға тиесілі алақандай жер учаскесінеге қол жеткізе алмай жүр. Алдыңғы жылдары жер мәселесі ушыққан кезде Үкімет тегін жер беру туралы айтқан болатын. Алайда оның кімге және қалай берілетіндігі түсіндірілмеген еді. Ендігі кезекте Үкімет тұрғындарға осынау «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы жер үй салып беруді қолға алып, үй салуға керек жерді тегін бере бастады. Бірақ бұған қол жеткізу үшін бірқатар талаптарды ескер қажет. Біріншіден, тегін жер үкіметтік бағдарламаға қатысушыларға ғана беріледі. Екіншіден, кезекте тұрған азамат жеке үй салу үшін қаржы төлеуі не «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салымшы болуы керек.

Айта кетерлігі, мұндай жер телімдері су құбыры мен жарық жүйесі тартылған аудандардан беріледі. Аталған бағдарлама аясында өңірде 1704 гектар үй алқабы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтылады екен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір