• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 18:47:08
Алматы
+35°

ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасындағы азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жүйесі. ҚАЗТЕСТ жүйесі халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS және тағы да басқа жүйелерінің қағидаттарына негізделген. ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы төрт бөліктен тұрады: тыңдалым, лексика-грамматикалық бөлік, оқылым, жазылым.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ұйымдастыруымен облыс көлемінде «Қазтест» диагностикалық тестілеу өтті.

Тест тапсыру Жуалы ауданында №15 мектеп-лицей базасында ұйымдастырылды. Оған әртүрлі саладан 140 мемлекеттік және бюджеттік қызметшілер қатысты. Тестілеуді «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының тестілеуді ұйымдастыру ғылыми әдістемелік зертханасының аға сарапшысы Нұрбек Нұрымбетов ашып, қатысушыларға тест талаптарын түсіндірді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.

Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек» – деген болатын Президентіміздің тапсырмасына орай ҚАЗТЕСТ барлық салаға қарқынды енгізіліп, барлық облыстарда тапсырылуда.

ҚАЗТЕСТ екі бағыттан тұрады: біріншісі- диагностикалық; екіншісі – сертификаттық тестілеу. Бүгін сіздермен өткелі отырған диагностикалық тестілеу үш бөліктен тұрады. Яғни, тыңдалым, лексика-грамматикалық және оқылым. Жалпы, 150 тест сұрақтары бар. Оны орындауға 150 минут берілген.

Нәтиже бес деңгейден тұрады: А1 – қарапайым деңгей 31-64 балл аралығы; А2 – базалық деңгей 65-104 балл аралығы; В1 – орта деңгей 105-119 балл аралығы; В2 – ортадан жоғары деңгей 120-134 балл аралығы; С1жоғары деңгей 135-150 балл аралығы.

Қорытындысы тестіленушілер нәтижесі көрсетілген тізімдеме және анықтама болып табылады. Тест парақшалары Нұр-Сұлтан қаласында өңделіп, 15 жұмыс күні ішінде нәтижелері жолданады, – деді Нұрбек Батырханұлы.

Тестті жүргізуге облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығының» мамандары Хафиза Ахметова мен Шынар Бақытбекқызы және аудандық тілдерді оқыту орталығының қызметкерлері атсалысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір