• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
14 Желтоқсан, 11:13:05
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

16 Қазан, 2019 Аймақтар

Жуалылық оқушылар жоғары нәтиже көрсетті

Жуалы ауданының оқушылары биылғы Ұлттық біріңғай тестілеуге қатысу нәтижесі бойынша жоғары нәтиже көрсетті. Атап айтар болсақ, мектеп бітіруші түлектердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш бергендер саны 756 болған. Нақты тестілеуге 750 оқушы қатысып, аудан бойынша тестілеудің орташа балы 97,5-ті құрады. Тестілеудің қорытындысы бойынша оқушылар көрсеткен нәтижелері де жаман емес. Мәселен, 2018-2019 оқу жылында 791 оқушы 11 сыныпты бітірсе, оның 38-і «Алтын белгі» төс белгісін, 36 оқушы «Үздік аттестат» алған.

Бұл аудандағы оқушыларды білім алуға ынталандыру ісінің дұрыс жолға қойылғанын көрсетсе керек-ті. Ал бұл ретте оқушылардың жаңа күшпен жаңа оқу жылында білім қорын толықтыруға жазғы демалысының дұрыс өтуі ықпал ететіні белгілі. Аталған істе Жуалы ауданында оң жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, ауданда 2019 жылдың бюджетінен жазғы сауықтыру лагерімен қамтамасыз ету үшін 19850,0 мың теңге қаржы қарастырылған. Жалпы 2019 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы мен сауықтырылуына 1-10 сынып оқушыларының 9841 баласын демалдыру жоспарланып, аяқталған. Сондай-ақ 11 600,0 мың теңгеге 400 баланы қала сыртындағы лагерьге демалдыру жоспарланып, олар жазғы сауықтыру лагерінде демалып келген.

– Туристік саяхаттар мен экскурсияға 1 914 бала, мектептер мен мектептен тыс білім мекемелерінде тіл үйрену, спорттық, өнер бағыттары бойынша үйірмелерге 5280, еңбек жасақтарында көгалдандыру, жөндеу жұмыстарына 845 және аула клубында – 1050, республикалық сауықтыру орталықтарында – 9 бала демалды.

Ағымдағы жылы бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі балалардың сауықтыру лагерьлерінде демалатын жекелеген санаттағы балалардың қамтылуы 100 пайызды құрады, ол – 3150 оқушы. Соның ішінде жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылыққа алынған және патронаттағы балалар – 41, аз қамтылған отбасыларының балалары – 2207, мүмкіндігі шектеулі балалар – 141 баланың 59-ы қамтылды, білім, өнер, спорт салаларында үздік нәтиже көрсеткен балалар – 2791, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы М. Айжанов.

Бұдан бөлек, ауданда биылғы жазғы маусымда дарынды балаларға арналған 3, 4 курс білімгерлерін волонтер ретінде жаз мезгілінде мектептердегі ағылшын тілі үйірмелеріне тарту жұмыстары жүргізілу жоспарланып отыр екен.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір