• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 13:40:00
Алматы
+35°

Жамбыл облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы аймақтың эпизоотиялық ахуалын толық бақылауда ұстап отыр. Аталған жұмыстар нәтижесінде, жануарлар арқылы тарайтын түрлі қауіпті аурулардың таралуына жол берілмей отыр.

Мәселен, 2018 жылы облыс бойынша 9 ошақта бруцеллез ауруынан сауықтыру іс-шаралары жүргізілсе, биыл облыс бойынша 5 ошақта сауықтыру іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде 1 ошақтағы сауықтыру жұмыстары 2018 жылдан ауысып, 2019 жылы жалғастырылып, нәтижесінде қойылған шектеулер алынды. 2019 жылдың 4 ошағынан барлығы 5461 бас ұсақ малдардан, 30 бас мүйізді ірі қарадан, 14 бас ет қоректіден 2-4 реттен қан алынып, 18 бас ұсақ мал бруцеллезге оң нәтиже көрсетіп, санитариялық союға жіберілді, 5000 шаршы метр қора-жайлар залалсыздандырылды.

Адамдардың бруцеллезбен ауыруын эпидемиологиялық тұрғыдан талдау барысында 2017 жылы 212 адам, 2018 жылы 200 адам ауырып тіркелсе, 2019 жылдың 9 айында 147 адам ауырып, аурудың жұғуы төмендеуде.

Сонымен қатар, шетелден алып келінген асыл тұқымды малдардан ауру тарамауы да аумақтық инспекция бақылауында тұр. Бұл ретте, инспекция мамандары аталған төрт түлікті толық тексеруден өткізіп келеді. Атап айтар болсақ, Жамбыл облысына 2018 жылы Ресей Федерациясы мен Чехия Республикасынан барлығы 1717 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдары әкелінсе, 2019 жылы Ресей, Чехиядан, Австриядан, Германиядан барлығы 4174 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдары әкелінді. Ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес әкелінген мүйізді ірі қара малдары карантинге қойылып, тиісті ветеринариялық іс-шаралар жүргізіліп, карантин алынды.

Жауапты мамандар ветеринариялық-санитариялық бақылау жұмыстарын да қатардан қалдырмай келеді. 2018 жылы облыс бойынша 19 тексерулер жүргізіліп, 54 жеке және заңды тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 406 бабының негізінде 1 887 925 теңге айыппұл салынып, 43 нұсқама берілсе, 2019 жылдың 9 айында 27 жеке және 1 заңды тұлғаларға Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 406 бабының негізінде 789 063 теңге айыппұл салынып, 56 нұсқама берілген.

Ал, жергілікті атқарушы органдардың ветеринариялық мамандары 282 тұлғаларға 8 168 873 теңге айыппұл салып, 1186 дана нұсқама берді. Облыс бойынша барлығы 310 тұлғаға 8 957 936 теңге айыппұл салынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір