• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 20:55:36
Алматы
+35°

Қытай-Қазақ шекарасын бұзып, саяси босқын мәртебесін сұраған екі азамат 1 жылға сотталуы мүмкін деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Қастер Мұсақанұлының қорғаушысы Мұрагер Әлімұлы осылай деп отыр. Қазір сотқа дейінге тергеу жұмыстары жүріп жатыр. 

1 қазан Қытайдың Дөрбілжің ауданынан шығып, заңсыз шекара кесіп Қазақстанға келген Мұрагер Әлімұлы, Қастер Мұсақанұлы саяси босқын мәртебесін сұрайды. Қайта барсақ, арнайы лагерьден бір-ақ шығамыз, дейді. «Атажұрт еріктілері» ұйымының жетекшсі халықаралық ережелерге сай мемлекет оларды Қытайға тапсырмауы қажет деп отыр.

Бекзат Мақсұтханұлы, "Атажұрт еріктілері" басшысы: "Халықаралық заңдар бар. Босқын басына  егерде шынымен ауыр жағдайға түскен болса оны қайтармау керек деген. Яғни көп мемлекетте келісім бар сол бойынша қайтарылмайды деп."

Екі азаматқа қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Адвокат Бауыржан Азанов олар шекараны кесуіге мәжбүр болғанын айтып отыр.

Біздің ҚК 392 бабы 1-ші бөлімінің санкциясы бойынша 1 жылға сотталуы мүмкін не айыппұл төлейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі істің ақ-қарасын анықтауда ешқандай заңсыз әрекеттерге жол берілмейтінін, барлығы заңға сәйкес болатынын мәлімдеді.

Қытаймен шектесіп жатқан Шығыс Қазақстан облысына жыл басынан бері 131 жанұя Аспан асты елінен қоныс аударған. Мамандар бұл процестің еш қиындығы жоқ, дейді. Олар елге келіп, көші-қон қызметінде есепке тұрады. Содан кейін құжаттарды ХҚКО-на мемлекеттік бағдарлама бойынша көшуге тапсырады. Оның ішінде Қытай халық республикасы, Моңғолия, Әзербайжан, Ресей және де Өзбекстан Республикасынан қоныс аударды. 250 адам мемлекеттік бағдарлама арқасында субсидияға ие болды. Бірақ Қытай қандай да бір құқық заң бұзушылыққа қатысы бар азаматтарға елден шығуға виза бермейді. Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қастер Мұсаханұлының осыдан 13 жыл бұрын да шекараны кесіп өтпек болғаны үшін ұсталғанын хабарлады.

Ал Сыртық істер министрлігінің ресми өкілі Қытайдағы Қазақстан елшілігіне қысым көрдік деп, көмек сұрап келген қазақтар болмағанын айтып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір