• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:17:04
Алматы
+35°

Жамбыл облысында заңсыз жолаушылар тасымалының алдын-алу, жою мақсатында жергілікті атқарушы орындармен, құқық қорғау қорғау органдары және салаға жауапты республикалық мекемелердің облыстағы филиалы бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастыруда. Бұл шаралардың нәтижесінде заңсыз жолаушылар тасымалдаушыларды такси мекемелеріне тіркеу жұмыстарымен қатар олардың бағасын қолжетімді етуге мүмкіндік берілді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Заңсыз жолаушылар тасымалы жолаушылардың өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, «көлеңкелі экономиканың» кең етек жаюына жол ашатын күрделі мәселе. Сондықтан Жамбыл облысында аталған мәселені түбегейлі шешу бағытында бірқатар шаралар қолға алынды. Өз кезегінде бұл шаралар аясында жергілікті атқарушы органдар мен құқық қорғау органдарының бірлесе әрекет етуде. Мұндай шаралар әзірге рейдтік тексеріс сипатында өтіп жатыр. Құзырлы орган қызметкерлері мен билік өкілдері заңсыз жолаушылар тасымалдаушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда. Сондай-ақ жолаушы тасымалдаудың заңын көзге ілмегендерге әкімшілік хаттамалар да толтырылуда. Мәселен ағымдағы жылдың І тоқсанында Тараз қаласымен аудандарда ұйымдастырылған 42 рейдтік шара кезінде 316 тұлғаның үстінен әкімшілік хаттама толтырылған. Сондай-ақ стихиялық орындар маңынан арнайы тұраққа ұйымдастыруға жер телімі қарастылып жатыр. Бұл жұмыс әзірге Тараз қаласы аумағындағы жергілікті жұрт арасында «Жансая», «Сельпо» аталып кеткен тұрақтарда қолға алынды. Сонымен бірге рейдтік шаралар кезінде заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысып келген жеке көлігі бар 1553 жүргізуші такси мекемелеріне тіркелді.

Заңсыз жолаушылар тасымалына қарсы тұруда өңірдегі автовокзалдардың әлеуеті де сараланып, олардың мүмкіндігіне молынан пайдалану жұмыстарына назар аударылуда.

–Қазір облыс аумағында 1 автовокзал, 9 автостанция және 3 жолаушыларға қызмет көрсету пункті жұмыс жасайды. Оларды кейбір аудандаралық, аудан орталығымен Тараз қаласына жолаушыларды тасымалдаумен айналасса, кейбірінде облыстық, республикалық, халықаралық маңыздағы 41 бағытқа дейін бар. Жыл соңына дейін жеке инвестиция есебінен 4 жолаушыларға қызмет көрсету пункті ашылмақ. Бұл мекемелердің көмегімен де заңсыз жолаушылар тасымалын азайтуға қол жеткізілмек, – дейді облыс әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір