• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 09:49:23
Алматы
+35°

Бүгінде Жамбыл облысындағы Қордай ауданында бұқаралық спорттың дамыту бағытында тың бастамалар көтерілуде. Жаңа нысандар пайдалануға беріліп, жастар арасында түрлі жарыстар өткізілуде. Бұл, әрине, Елбасы саясатының нәтижесі екендігі сөзсіз. Осы орайда құтты Қордай жерінде туып өсіп, еліміздің намысын әлемдік, халықаралық жарыстарда абыроймен қорғап жүрген жалынды жастардың есімдерін айта кеткеннің артықтығы жоқ.

2018 жылы 1-3 ақпан аралығында Иран мемлекетіндің Тегеран қаласында өткен жеңіл атлетикадан XXIIІ Азия чемпионатында Светлана Голендова 4х100 метр эстафеталық жүгіруден және жекелей жүгіруден бірінші орын және тамыз айында Индонезия мемлекетінің Джакарта қаласында өткен жеңіл атлетикадан Азия ойындарында жүлделі үшінші орынды иеленген.

Сонымен қатар Ресей Федерациясы Анапа қаласында кикбоксингтан өткен Әлем кубогы жарысында Бейсенбек Мақсат күміс жүлдені, Айдын Тұрдыбеков қола медальді жеңіп алып, Қордай ғана емес Қазақстанның мәртебесін көтеріп тастады.

Сондай-ақ маусым айында облыс орталығында өткен тірек-қимыл аппараты зақымданған және көру қабілеті төмен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында Қазақстанның бесінші Спартакиадасына Жамбыл облысының іріктеу жарысында тоғызқұмалақтан Шамил Ришат бас жүлдені жеңіп алған. Ал жалпы аудан бойынша жекелей тұрғыдағы жетістіктер туралы сөз еткенде төмендегі спортшылардың аты-жөндерін алға тартуға болады. Қазақстаның жепке-жек спорт түрінен бес дүркін чемпионы, панкратионнан әлем чемпионы, ONE FC жекпе-жегінен әлем чемпионы, көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Қордай ауданы Қарасу ауылында дүниеге келген Игорь Свирид, панкратионнан әлем чемпионы, кикбоксингтан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстаның панкратионан үш дүркін чемпионы, қолмен күрес спорт түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қордай ауданы Қордай ауылында туған Сағын Қазбек, Әлем кубогының иегері, панкратионнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, алты дүркін Қазақстан чемпионы, қазіргі таңда кәсіпқой бокста үш кездесу өткізіп, үшеуінде де жеңіске жеткен, Қордай ауданы Аухатты ауылының тумасы Асхат Жантұрсынов, тағы да басқа көптеген саңлақтарды қордайлықтар айрықша мақтан тұтады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір