• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 05:17:05
Алматы
+35°

17 Қазан, 2019 NEWS

Қазақстан бала өлімі жөнінен алдыңғы орында

Әлемде бала өлімі бойынша Үндістан (882 мың бала) алғашқы орында тұр. Үштікке Нигерия (866 мың ) мен Пәкістан (409 мың) кірген.

2018 жылы елде 5 жасқа дейінгі төрт мыңға жуық бала қайтыс болған, деп жазады energyprom.kz.

ЕАЭО елдері арасында 5 жасқа дейінгі балалар өлімі жөнінен Ресей (13 мың) көш бастап тұр. Екінші сатыдағы Қазақстанда былтыр 4 мың бала өлімі тіркелген. Одан кейінгі орындарда Қырғызстан (3 мың), Армения (1 мың), Беларусь (1 мыңға жежуық) орналасқан.

Қайтыс болғандар ішіндегі 3,2 мың баланың жасы 1-ге келмеген. Бала өлімі оқиғаларының 51 пайызы перинаталдық кезеңде орын алыпты. 19,8 пайызына туабітті кемістіктер, 6,2 пайызына тыныс мүшелерінің сырқаты, 4,8 пайызына бақытсыз жағдайлар, 4,7 пайызына инфекциялық және паразиттік сырқаттар, 1 пайызына тамақ қорыту органы аурулары себеп.

Сондай-ақ балалар денсаулығына дұрыс тамақтанбау да көп кесірін тигізіп отырғаны байқалады. Елдегі 5 жасқа дейінгі әр он баланың бірінде артық салмақ кездеседі. 2 жасқа дейінгі балалардың 21 пайызына жеміс-шидек пен көкеніс жетіспейді.

Әлемде бала өлімі бойынша Үндістан (882 мың бала) алғашқы орында тұр. Үштікке Нигерия (866 мың ) мен Пәкістан (409 мың) кірген.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір